$ 494.87  520.65  4.91

«Танысқан күннен бастап...»: Ерке Есмахан күйеуі екеуі туралы ел білмейтін жайтты айтты

Фотоларда ерлі-зайыптының қол ұстасып, артынан құшақтасып тұрғанын көруге болады.

Фото: Instagram/erke_esmahan
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде күйеуі Raim екеуінің ерекше фотосессиясын жариялап, ел назарын аударды. Өнер иесі танысқан күннен бастап, жолдасы өзін қалай атайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ерке Есмахан күйеуімен түскен жаңа суреттерін Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Фотосессияға Raim классикалық стильді таңдаса, Ерке нәзік сары түсті көйлек киген. Фотоларда ерлі-зайыптының қол ұстасып, артынан құшақтасып тұрғанын көруге болады.

Оған қоса Ерке Есмахан аталмыш суреттердің астына махаббат туралы жазба жариялап, жолдасы екеуі жайлы ел білмейтін жайтты ақтарды.

"Махаббат-сезім мекені. Некелі болу, бөпелі. Қуану үшін жарыңның "жаным" дегені жетеді. Райм танысқан күннен бастап мені Kiki деп еркелетеді", - деп жазды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 5
Күлкілі 4
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары