07.10.2024, 18:00

«Әселден басқа келінім жоқ»: Айқын Төлепбергеннің анасы ұлының екінші некесі туралы айтып жылап қалды (ВИДЕО)

Басқа келінді қабылдамаймын.

Қазақстандық танымал әнші Айқын Төлепбергеннің анасы оның екінші некесі туралы жан сырын ақтарып, бастапқыда ұлының Жұлдыз Өмірғалиге үйленуіне қарсы болғанын жасырмады. Өнер иесінің анасы перзентіне бірінші келінінен басқа ешкімді қабылдамайтынын кесіп айтқан, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айқын Төлепбергеннің анасы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында қонақта болып, ұлының екінші рет үйленген кезін еске алды. Ол бастапқыда баласының тағы да шаңырақ көтеруіне түбегейлі қарсы болған. Тіпті әнші ұлына «Әселден басқа келінді қабылдамаймын» деп айтқан болып шықты.

«Әселден басқа келінім жоқ, басқа келінді қабылдамаймын» деп айттым. Бірақ әкесі «Баланың шешіміне қарсы болма» деді. Содан кейін батамызды бердік. Ұлым «Екі баланы ешқашанда жалғыз қалдырмаймын, жаныңа әкеп тұрамын, барып тұрасың. Бәрін толығымен өзім асыраймын» деп уәде берді. Сол сөзінде тұрды. Екі немерем үшін қиналдым. Аңсар мен Асылым үшін уайымдадым. Қасымда ғой, бірақ әкесінің қасында жүрген жоқ қой. Бір үйде қонып жүрген жоқ», — деп жылап қалды әншінің анасы.

Сонымен қатар Айқын Төлепбергеннің анасы Жұлдыз Өмірғали туралы ойын айтты.

«Жұлдызды қабылдадым. Бүгінде екеуінің екі баласы бар. Мінезі жақсы. Екеуміз жерлеспіз. Екеуміз де Жамбыл облысының қыздарымыз», — деді ол.