Қазақстанда алты алаштың тарихынан сыр шертетін «Қазақ елі» музыкалық альбомы жазылды. Жаңа туындының қыр-сыры туралы автор, сазгер Сайрамбек Жексембі айтып берді, деп хабарлайды «Қазақпарат»
— Алғаш рет еліміздің тарихын музыкалық туындыда баяндауға тырыстық. Трилогияда драматургия да, ішкі энергия, сюжет те бар. Қазақтың барлық тарихын бір туындыға сыйғызу өте қиын», — деді сазгер.
Оның айтуынша, туынды 3 бөлімнен тұрады. Автор 2CD, 1 DVD диск жазуды жоспарлап отыр.
— Бірінші диск Марат Бисенғалиевтің көркемдік жетекшілігімен Алматы симфониялық орекстрінің орындауында төрт-ақ күнде дүниеге келді. Туынды Александр Шевченконың «Sky Rekording» студиясында жазылды, — деп түйіндеді сөзін автор.
Сазгер жақын болашақта екінші және үшінші альбомды дүниеге әкеліп, концерттік тұсаукесер өткізуді жоспарлап отыр.