"Ұлттық құндылығымызға қайшы болатын киім тікпедім".
Танымал дизайнер Аида Кауменова “Сырласу” бағдаралмасында әлемдік жұлдыз Snoop Dogg-қа шапан тіккені шығармашылығында айтулы жаңалық екенін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Баян Алагөзова жаңа жыл алдында Snoop Dogg-пен жоба жасайтынын айтты. Сол кезде Баян ауруханада жатты. Екеуміз палатасында жатып алып, ақылдастық. Жаңа жылда жұмысшыларымды демалысқа жібергенмін. Қайтадан жинап, шақырып алдым. Содан қызу дайындық басталды. Бірақ халық сынап та жатты. “Кешью” тобына тіккен образымыз да сынның астында қалды. Бірақ мен кәсіби тұрғыда не жасап жатқанымды білетін болғасын, жауап та бере аламын. Ұлттық құндылығымызға қайшы болатын киім тікпедім. Әлемдік жұлдыз да менің шапанымды ұнатыпты. Бағасын айта алмаймын, бірақ Баян құрбым болғасын 50 пайыз жеңілдік жасадым”, – деді дизайнер.