Суық хабар үсті-үстіне келіп жатыр.
Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов кейінгі кездері отандық шоу бизнесте қайғылы хабар көбейіп кеткенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Суық хабар үсті-үстіне келіп жатыр. Күні кеше Гүлнар Сиқымбаева әпкеміз дүние салып еді... Ал бүгін Арман Дүйсеновтің жап-жас ұлы өмірден өтті. Не деген ауыр сынақ еді", – деп жазды ол.