$ 489.06  536.21  5.05

«Қолдау керек»: Әли Оқапов анасы туралы фильмді әлі түсіре алмай жүргенін айтты (ВИДЕО)

Бұл жобамен айналысып жүргеніме бірнеше жыл болды.

Фото: Almaty.tv
Фото: Almaty.tv

Отандық әнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева туралы фильм түсіргісі келеді. Бұл жайында өнер иесі "Жұлдызды жұп" бағдарламасына берген сұқбатында айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әли Оқапов халық әртісінің өмірі фильм ретінде таспалануға әбден лайық деп есептейді.

"Болашақта анам жайлы биографиялық драма түсіргім келеді. Бұл жобамен айналысып жүргеніме бірнеше жыл болды. Әзірге өкінішке қарай жолымыз болмай жүр. Өйткені оны жасау үшін қолдау керек. Менің ойымша, анамның өмір жолы мен өнер жолы кино ретінде шығуға әбден лайықты", - деді ол.

Мұны көрген көпшілік әншіні бірден қолдай кетті.

"Аңыз адам", "Мемлекет өзі-ақ түсіруі керек қой", "Роза Рымбаева туралы фильмді қуана-қуана көретін едім", "Лайықты ұл", "Дұрыс айтасың, Әли", "Анаң құрметке лайық адам", - деді олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары