Түсінбейтін адамға бірдеңені түсіндіру өте қиын екен.
Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт алғаш рет екінші некесіне қатысты бар шындықты жайып салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тележүргізуші бұл туралы Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.
«Жынданудың аз-ақ алдында қалдым. Адамның отбасында қалу немесе айырылысу құқығы бар. Менің жағдайымда бұл моральдік-психологиялық қысым болды… Мен өмірде биіктен құлап, қайта тұрудың жолын білемін. 2012 жылы мен баламның әкесімен екі жақты келісім бойынша айырылыстық. Онда да түрлі жағдай болды, көңілді қалдыратын сөздер айтылды. Бірақ біз бір-бірімізді түсіндік. Сол себепті мен адами тұрғыда қалай ажырасу керек екенін білемін. Яғни, білімі бар, ақылды адаммен бәрі дұрыс аяқталады. Ал түсінбейтін адамға бірдеңені түсіндіру өте қиын екен. Мен ол кезде ешкімге ештеңе айта алмадым. Мамырдың 28-і күні соңғы отырыс өтті. Прокурор 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бәрі айтылғаннан кейін, оның адвокаты шығып, бізге жазаны жеңілдетуімізді сұрады», — деп түсіндірді тележүргізуші.