Жүректі жылытатын сурет.
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айгүл Иманбаева желіде күйеуімен түскен жаңа суретін жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Мына шулы өмірде сен менің тыныштығымсың", - деп жазды Иманбаева желідегі парақшасына.
Желі қолданушылары жарасымды жұпқа ақ тілегін жаудыра жөнелді.
"Таптым-ау сені деген осы ғой", "Жүректі жылытатын сурет. Құшақтадым", "Махаббаттарың баянды болсын", "Өте жарасымды, көрікті жұпсыздар" десті көпшілік.