$ 494.95  525.49  5.05

«Шұғыл өшірсін»: Алғашқы сот отырысында жеңіліп қалған Жұлдыз Әбдікәрімова мәлімдеме жасады

Адвокатыммен келісе отырып, қалалық соттың барысын жария түрде өткіземіз деп шешкенбіз. Сол күннен бастап, түсініксіз қоңыраулар түсе бастады. «Ақпаратты шұғыл өшірсін!» деген сәлемдеме жолдапты.

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/
Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова пәтерін алып, орнына жер үй беремін деп алдап соққан құрылыс компаниясына қарсы сот процесінің алғашқы отырысы туралы мәлімдеме жасады. Оның жазуынша, ол сот процесінен тыс ешқандай келіссөзге келіспейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актриса тіпті, желідегі ашық жазбаларынан кейін қысым көре бастағанын жазды.

«Сот бойынша ашық жаза бастағаным – кейбіреулерге ұнамай қалған сияқты. Қысым көрсетіле бастады. «Үндемесін, жазбаларын өшірсін!» деген сәлемдеме алдым. Соттың бірінші отырысы өтті. Алайда осы процесті әлеуметтік желіде жариялап, соттың барысын ашық жазуымның себебін – өздеріңізге түсіндіріп, жазып едім. Бірінші аудандық сотта жеңіліс тапқанда көп дәлелдердің қараусыз қалғандығы көңілге қонбаған. Адвокатыммен келісе отырып, қалалық соттың барысын жария түрде өткіземіз деп шешкенбіз. Сол күннен бастап, түсініксіз қоңыраулар түсе бастады. Оған мән бермедім. Бірақ өткен аптада іссапармен Шымкент қаласында болдым. Сонда, бейтаныс жандар менің қасымдағы адамдарға жолығып, «сотқа байланысты салып жатқан ақпаратты парақшасынан алып тастасын. Егер жарияламаса, біз «переговорға» шығуға дайынбыз. Мәселесін шешіп беруге тырысамыз. Бірақ ақпаратты шұғыл өшірсін!» деген сәлемдеме жолдапты.

Ескертіп айтамын, мен ол адамдарды көрген жоқпын. Менімен тікелей кездесіп, тілдеспеді! Құлаққағыс болсын, сот процесінен тыс мен ешқандай келіссөздерге келіспеймін! Қазақстан Республикасының сот жүйесіне, әділ шешім боларына мен сенемін!», – деп жазған актриса Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Астана қалалық полициясының ресми парақшасын белгіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова құны 170 миллион теңге тұратын үйін талан-таражға салған құрылыс компаниясымен соттасып жатқанын мәлімдеген. Бұл туралы жазғанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары