12.10.2024, 06:30

«Ана жігітке обал болыпты»: Мақпал Жүнісова тағы елді күлдірді (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Жігіт оңбай құлапты.

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова көпшілікке шетелде қалай демалып жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жолы әнші скутер тізгіндек, елді күлдірді. Ол желідегі парақшасына шетелде демалыс жүрген сәтінен видео жариялады. Әлгі бейнежазба бірден қызу талқыға түсіп, елді күлдірді. Онда әншінің скутер тізгіндеп бара жатқанын көруге болады.

«Ешкімді мінгестіргім келмесе, осылай болады», - деп жазды ол.

Видео соңында Жүнісова артына мінгесіп жатқан ер баланы суға құлатып алады. Желі қолданушылары бірден лүпілдетіп, өнер иесіне түрлі пікрлер жазды.

"Шынымен сіз бе? Тоқтамай күлдім ғой", "Мақпал ханым жүрген жерінде күлкіге қарқ етіп жүреді", "Бәрін күлдіреді де, жүреді", "Ана жігітке обал болыпты. Оңбай құлапты", - деп жазуда оқырмандар.