13.10.2024, 04:30

«Арман қызғанады»: Аша Матай неліктен киноға түспей жүргенін айтты

Фото: instagram.com/asha_matai

Өзінің жарын қызғану, қимау бұл негізі бүкіл ер азаматтарға тән қасиет деп ойлаймын.

Отандық танымал әнші әрі актриса Аша Матай бүгінде өнер саласынан неге алшақтап кеткенін айтты. Өнер иесінің киноларға түсуден бас тартып, күйеуімен бірге неге сахнаға шықпай жүргенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аша Матай бүгінде өміріндегі өзгерісі туралы "1001 түн" бағдарламасында айтты. Шоу-бизнес жұлдызы бүгінде өнерден алшақтап, отбасылық кезеңде жүргенін растады. Ол бар уақыты мен көңілін жанұясына арнап жатқанын алға тартты. Ал киноларға жолдасының өтініші бойынша түспей жүргенін жеткізді. Сөзінше, отағасы оның тек өзімен бірге фильмге түсуін құптайды.

"Жолдасым фильмге түсуге рұқсат етпейді. Ол рас. Өзінің жарын қызғану, қимау бұл негізі бүкіл ер азаматтарға тән қасиет деп ойлаймын. Оның үстіне Арманның қолдауы ерекше. Отағасына көп рақмет айтқым келеді. Сахнада жарқырап жүруімнің өзі сол кісінің арқасы, қолдауы. Өзінің "Менсіз киноға түспеші" деген өтініші бар еді. Мен соған келістім. Түсетін болсақ бірге түсеміз. Қазіргі таңда мен уақытымды үйге, бала-шағама, күйеуіме, енеме арнаймын. Сондай кезеңде жүрмін. Бизнес саласына бет бұрдым. Ал Арман қазіргі таңда әншілік қырынан көрінуге дайын. Бірнеше ән жазып жатыр, хит болады деп ойлаймын", - деді Аша Матай.