$ 495.2  522.34  4.94

«Тағдыр өзі айналдырып әкелді»: Балжан Бидаш қалай жетістікке жеткенін айтты

Түпкі мақсатым – отбасым менімен мақтанса екен деп ойладым. 

Фото: instagram.com/bidash_official
Фото: instagram.com/bidash_official

Әнші Балжан Бидаш бала кезінде қандай болғанын айтып, көпшілікке мотивация берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Кейде бір жетістікке жету үшін біреуге өзіңді дәлелдеу, мотивация береді. Осы жазбаны көріп ата-анам «Ей, жаным!» деп отқан болар. Өйткені әрқашан өзімді үйдегілерге жан-жақты дәлелдеуге тырыстым. Түпкі мақсатым – отбасым менімен мақтанса екен деп ойладым. Екі ағамнан кейінгі жалғыз қыз, кішісі болған соң ба ең шапшаң, ең пысықтауы болдым. Бәріміз жақсы өмір сүргенді қалаймыз сондықтан адал табысыммен өмірден қалағанымды алғым келеді. Тек қана өнерде жүрмей бизнес түрлерін де көрдім. Бойымда кәсіп жасау қабілеті бар екен. Тағдыр өзі айналдырып бизнеске әкелуде. Жылдар бұрын екі рет киім дүкенін қызығушылық ретінде ашып, саудада тәжірибе жинадым”, – деп бөлісті эстрада жұлдызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары