Оның ішкі жан-дүниесіне үңіліп, дана, дара екеніне екі есе көзім жетті.
Тележүргізуші Дина Төлепберген желіде Мақпал Жүнісовадан сұхбат алып, артынша оны мақтай жөнелді. Оның пайымдауынша, ҚР Халық әртісі Мақпал ханым өте дана әрі дара әйел, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дина Төлепберген Instagram-дағы парақшасында Мақпал Жүнісовадан сұхбат алған сәтінен үзінді жариялады. Әлгі видеода тележүргізуші әншіден үш есімді атауды сұраған. Эстрада жұлдызы бірінші қызы Мерейдің, одан кейін анасы Үміт пен бауыры Бағдаттың есімін айтқан.
«Бұның өз ақиқаты бар. Демек сіздің өміріңізде қазір бірінші орында Мерей тұр. Одан кейін сіз анаңыз үшін уайымдайсыз. Үшіншісі сіздің өміріңіздегі елеулі адам бауырыңыз. Енді Мақпал қайда деген сұрақ. Неге бірінші Мақпал айтылмайды», - деп сұрады тележүргізуші.
Дина Төлепберген бұл сұхбаттан кейін ҚР Халық әртісіне деген құрметі одан сайын артқанын желіде жазды.
«Тағдыры бар ешкімге ұқсамайтын. Мақпал ханымның бұл жетістігінің артында өмірде сан түрлі сынақтардан өткен әйелдің тарихы тұр. Оның ішкі жан-дүниесіне терең үңіліп, дана, дара екеніне екі есе көзім жетті. Соңғы жағдайларына байланысты жан-жарасын жаңа әнімен студияда жеткізді», - деп жазды тележүргізуші.