16.10.2024, 13:00

Сахнаға гипспен шыққан Димаш Құдайберген жанкүйерлерін алаңдатып қойды (ФОТО)

Фото: dimashnews.com

Ашылу салтанатында Димаш "When I’ve Got You және "Weekend" композицияларын орындады.

Димаш Құдайберген Almaty Open ATP 250 турнирінде хэдлайнер болып өнер көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2024 жылдың 13-20 қазан аралығында Алматыда алғаш рет теннистен ATP 250 сериясы бойынша турнир эстафетасы өтеді.

15 қазан күні Almaty Arena стадионында ауқымды халықаралық жарыстың ашылу салтанаты өтті. Шараның хедлайнері ҚР халық әртісі Димаш Құдайберген болды.

Ашылу салтанатында Димаш "When I’ve Got You және "Weekend" композицияларын орындады.

Димаш кеш соңында А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің тұңғыш директоры, композитор Қайырғали Қожанбаевтың "Ризамын тағдырға" әнін қазақ тілінде орындап, көрермендердің ықыласына ие болды.