Актриса бұл түсірілім үшін жақсы гонорар алған.
Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет желіде үлкен шу тудырған "сүйісу сахнасына" қатысты алғаш рет пікір білдірді. Өнер иесі әріптесі Ермек Шынболатов екеуінің видеосы жеке өміріне әсерін тигізгенін жасырмады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет "Адал алаяқтар" фильміндегі "сүйісу сахнасы" туралы Revue News бағдарламасында айтты.
Актриса бұл түсірілім үшін жақсы гонорар алған. Алайда бұл жайт денсаулығы мен жеке өміріне әсер еткен.
"Оңай болған жоқ. Жан-жақтан соққылар келді. Хайп ретінде жасаған дүниеміз біраз денсаулығыма, жеке өміріме әсер етті. Хайптың аты хайп деген осы. Ол үшін жақсы гонорар төленіп жатыр", - деді өнер иесі.