$ 481.68  522.48  5

Италиялық басылымда Димаш Құдайберген туралы мақала жарияланды

Бізді әлемнің 80 елінен келген 40 мың адамды Димаштың өнері біріктірді. 

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Мәдениет, әдебиет, тарих және философия туралы жазатын италиялық «Pensiero» басылымы Димаш туралы «Димаш Құдайберген. Шығыс пен Батыстың арасы. Астанаға баруға лайықты өте сирек кездесетін дауыс иесі» атты мақала жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Димаштың Астанадағы жеке концертін тамашалаған мақала авторы қазақстандық ерекше дауыс иесінің өнері, шығармашылығы, отбасы туралы жазған. Сонымен қатар әлемге әйгілі әншіні түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін, барша адамзатты өнерімен баураған, оларды бір арнаған тоғыстырған дәнекер деп баға береді.

«Бізді әлемнің 80 елінен келген 40 мың адамды Димаштың өнері біріктірді. Концерттегі атмосфераны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бірдей жылдамдықпен соғып жатқан көп жүрекпіз. Димаштың әр концерті бұрынғыларына ұқсамайтын ерекшелігімен есте қалады. Біз өзімізді тілдеріміздің әртүрлілігіне қарамастан БҰҰ-ның штаб-пәтерінде тұрғандай сезіндік», - деп жазды автор.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары