17.10.2024, 19:20

«Ризамын тағдырға»: Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шықты (ВИДЕО)

Фото: dimashnews.com

  Ренат Гайсинге және Ерлан Бекчуринге ерекше алғыс!

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген қазақ тіліндегі жаңа лирикалық әнін тыңдармандар назарына ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Димаштың жаңа әні композитор Қайырғали Қожанбаевтың «Ризамын тағдырға» атты шығармасы. Қазақстандың танымал әнші шығармашылықтағы жаңалығы туралы Instagram-парақшасында жазып, видео жариялады.

«Достарыма керемет экспромт видео үшін алғыс, аранжировка үшін  Ренат Гайсинге және Ерлан Бекчуринге ерекше алғыс», – деп жазды ол.

Ал тыңдармандары әдеттегідей әншінің жаңа туындысына жоғары баға беріп, жылы лебізін білдіруде.