$ 494.87  520.65  4.91

«Әркез қасымнан табыла білді»: Қыдырәлі Қарақатқа пойызда ән шырқап берді (ВИДЕО)

Жер басып жүрсем қорғаның болам, Суықтан қорғар орманың болам. 

Фото: instagram.com/karakat.a
Фото: instagram.com/karakat.a

ҚР Өнер қайраткері Қыдырәлі Болманов жары Қарақат Әбілдинаға пойызда ән салып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіге өнердегі қос ғашық пойызда сапарлап бара жатқан видеосын жүктеді. Пойыздағы ауқаттану кезінде Қыдырәлі Болманов ғашығына ән арнап, бейнеге жазып отырған.

«Ех… Небір ойлар жетектеп, көп дүние есіңе түседі.Тәбетің ашылып,тамағы да ерекше дәмді бола ма, қалай Осындайда жол серігіңнің өмірлік болғаны қандай жақсы еді?! Әнін арнап,әңгімесін айтып, бір қолымен түсіріп те үлгеріп отыр.  Жер басып жүрсем қорғаның болам, Суықтан қорғар орманың болам , - деп «Қарындасыма» әнінде өзі айтқанындай әйелін ғана емес, апасын, қарындасын, қыздарын қызғыштай қорғап әркез қасымыздан табыла білген, азаматыма Алла разы болсын!», - деп жазды Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары