23.10.2024, 02:30

«Танысып қойыңыздар!»: Мақпал Исабекова алғаш рет күйеуін көрсетті

Фото: instagram/makosyai

Ол 22 қазанда Instagram-да бірден бірнеше суретті желіге жариялады. 

Қазақстандық танымал әншісі Мақпал Исабекова тыңдармандарына алғаш рет күйеуін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол 22 қазанда Instagram-да бірден бірнеше суретті желіге жариялады. 

"Танысып қойыңыздар, Теодор мен Илаяның әкесі Родион Викторовичпен", - деп жазды Исабекова желідегі парақшасында.