Ата-анам қатты қарсылық танытты.
Әнші Абай Бегейдің жолдасы өмірінің қызықты сәттерін айтып, сұхбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл сұхбат Жанерке Сейфуллинаның “Айтарым бар” подкастына шықты.
Сұхбат барысында Фариза Жұманова Абай Бегейге қалай тұрмысқа шыққанын баяндады.
”Магистратура оқып жүрген кезімде таныстым. 6 ай сөйлестік. Кейін үйленуге ұсыныс жасады. Ата-анам қатты қарсылық танытты. Бірақ мен түбі өз ойымды өзгертпедім. Бар миымнан 4 баласы бар деген ауыр түсінікті алып тастадым. Қазір жас қыздар “баласы бар еркек сөз салып жүр” деп жазса, күйеуге шықпауға кеңес беремін. "Жоқ" деп айтамын. Өйткені, бала деген - жауапкершілік. Біздің енді үш баламыз болды. Біріншіміз өз алдына ел болды. Тұрмыста болатын. Ұлымыз да ересек. Мен кішкентай 2 қызға қарадым. Басында оңай болмады, бірақ барлығына шүкір”, - деді ол.