Білетін адамдар болса, көріп отырған адамдар болса кешірім сұраймын.
Жастар арасында кеңінен танымал әнші Ғалымжан Молданазар Алматы қаласында жеке ән кешін беріп, оның барысында оқырмандарына жан сырын ақтарды. Өнер иесі денсаулығы сыр бергенін хабарлап, келер жылға дейін концерттері болмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ғалымжан Молданазар денсаулығына байланысты шығармашылықтан үзіліс алуға мәжбүр болғанын жеткізді. Оған қоса өнер иесі Астана қаласындағы концертін еске алып, барша тыңдармандарынан кешірім сұрады. Әнші елордадағы ән кешінің ортасында есінен танып қалған болатын.
"Осының алдында Астанада өнер көрсеткен болатынбыз. Білетін адамдар болса, көріп отырған адамдар болса кешірім сұраймын. Денсаулығыма байланысты концерттің ортасында есімнен танып, құлап қалған болатынмын. Сол үшін ол кісілерден кешірім сұраймын", - деді Молданазар Revue News бағдарламасында.
Өнер иесі осы жылы енді концерт бермейтінін жеткізді. Әнші денсаулығын қолға алмақ екенін айтты.