$ 494.87  520.65  4.91

«Оюын әкем ойған»: Тамара Асар бала күнінде киген сахналық көйлектерін көрсетті

Менің ұлттық киімге деген талғамым осы кісілерден бастау алады.

Фото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/
Фото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/

Танымал әнші Тамара Асар бала күнінде киген сахналық киімдерінің тарихын айтты. Өнер иесі 10-12 жасында киген көйлектерін көрсетіп, балалық шағынан сыр шертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Менің ұлттық киімге деген талғамым осы кісілерден бастау алады. Шеберлігім де ата-анамнан дарыған. Анам 10-12 жасымда киген көйлектерімді көрсетіп отыр. Тойдан әкелген маталарын сандықтан шығарып, маған көйлек тігіп беретін. Әкем оюын ояды. Оның бір жағын өзім ұстап отырушы едім. Сосын анам екеуміз көктеп жабыстырамыз. Одан кейін ауылдағы жалғыз ательеге барып, жиегін тігіп аламыз. Оны біз “әртел” деуші едік. Анам 1957 жылы үкітелпекті сахнаға киіп шыққан. Оны әкем екеуі қайтадан өңдеп, маған тігіп берді. Енді міне, қызым Ажар киіп тұр”, – деп жазды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары