25.10.2024, 17:30

«Тағы да бөпелі болармыз»: Айжұлдыз Адайбекова жеке өміріне қатысты құпиямен бөлісті

Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Сіздерге айтпаған жаңалық көп. 

Танымал блогер, актриса Айжұлдыз Адайбекова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Revuenews арнасын туған күн кешіне шақырды.

“Тағы да бөпелі болармыз. Сіздерге айтпаған жаңалық көп. Бүгінде сүйіктіммен бірге тұрып жатырмын. Ол кісі дайын болған кезде, мен де дайын боламын. Рұқсат берсе болды”, – деді актриса. 

Одан кейін анасы, әнші Жанар Айжанова да қызының таңдауына қарсы болмайтынын жеткізді. 

“Мен Айжұлдызды қолдаймын. Қандай шешім қабылдаса да, дайынмын. Ол 18 жастағы қыз емес. Оның таңдауына, шаруасына араласпаймын”, – деді әнші.