$ 485.11  523.82  5.02

«Мәдениет пен өнерді дамытуға үлес қосып келесіз»: Баян Алагөзова Қасым-Жомарт Тоқаевтан алғыс хат алды

Бұл туралы Баян Мақсатқызы Instagram парақшасында бөлісіп, алған алғыс хаттың фотосын жариялады.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Танымал продюсер Баян Алагөзова Республика күніне орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан алғыс хат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Баян Мақсатқызы Instagram парақшасында бөлісіп, алған алғыс хаттың фотосын жариялады.

«Сіз медиа, кино және музыка салаларында көпшіліктің көңілінен шығып, оң бағасын алған бірқатар ірі жобаларды іске асырып, отандық мәдениет пен өнерді дамытуға елеулі үлесіңізді қосып келесіз», – делінген алғыс хатта.

Президент продюсерге зор денсаулық, отбасына амандық және жұмысына табыс тіледі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары