Әзірге менің басым бос.
Отандық әнші Argonya жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі Revue News бағдарламасына жүрегінің жартысын іздеп жүргенін жасырмады. Алайда әнші жеке парақшасына отбасын құрып, екі баласы барын ашық түрде жариялаған еді.
"Әр адам өз жартысын іздейді. Осы менің жүрегімнің жартысы шығар дегенде шабыт та келеді ғой. Әзірге менің басым бос. Қыздар, хабарласыңдар", – деп әзілдеді әнші.