Міндетті түрде сіздерден сүйінші сұраймын.
47 жасында тұрмыс құрған актриса Айгүл Иманбаева оқырмандарымен сырласып, сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі бүгінде үйлену тойына дайындалып жатқанын жариялады.
“2025 жылы үйлену тойы болады. Бірақ Қазақстанда жасамаймыз. Жолдасым екеуміз АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тойлауды жоспарлап отырмыз. Маған “аяғың ауыр ма?” деген сұрақтар да келіп жатыр. Осы тақырыпты босанғаннан кейін айтайын. Міндетті түрде сіздерден сүйінші сұраймын. Ұлым Асылжанның тойы да мүлдем басқаша форматта өтеді. Сол тойда тағы да бірнеше жаңалығымызды жария етеміз. Әр шаңырақта той болсын”, – деп жазды әнші.
Одан кейін өнер иесі жасөспірім ұлы бар келіншектердің екінші рет тұрмыс құруына қатысты пікір білдірді.
“Негізі балаңызбен көбірек сырласыңыз. Онымен дос болыңыз. Сондай-ақ өзіңіз миыңызбен жұмыс істеңіз. Құдайға сенуді тоқтатпаңыз. Дамуды жалғастыра беріңіз. Сол кезде ұлыңыз да түсініп, жаңа дүниеге жол ашылады”, – деп кеңес берді өнер иесі.