Жолдасым екеуміз АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тойлауды жоспарлап отырмыз.
Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында желі қолданушылары тарапынан қойылған бірнеше сауалға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол қазіргі уақытта үйлену тойына дайындалып жүргенін айтты.
«Той бұйыртса 2025 жылы болады. Бірақ Қазақстанда жасамаймыз. Жолдасым екеуміз АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Оқырмандары тарапынан «Аяғыңыз ауыр ма?» деген сұраққа да жауап бері өтті.
«Маған «Аяғың ауыр ма?» деген сұрақтар көптеп келіп жатыр. Босанғанша сіздерге айтпай-ақ қояйын. Міндетті түрде сіздерден сүйінші сұраймын», - деді актриса.