Осы тәкаппарлығың түбіңе жетеді-ау..
Ұлы дала баласы тағы көптің сынына қалды. "Жүз қатыны қазақтың ұл туса да, бәрібір Төреғали бола алмайды" деп әндеткен Төреғали Төреәлі халықты ашуландырып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Ай Төреш, бүлдірмесең басың ауырады осы сенің", "Осы тәкаппарлығың түбіңе жетеді-ау", "Мен ұялып отырмын сенің айтқаныңа", "Сенен зор ұлдар дүниеге келген, сенен кейін де мықты ұлдар дүниеге келе береді", "Сендей ұлдан Құдай сақтасын", – деп жазды желі қолданушылары.