04.11.2024, 15:40

«Сен маған гүл сыйласаң, мен саған ұл сыйлаймын»: Rаim мен Ерке Есмахан сахнада тыңдармандарын күлдірді (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Әншінің бұл сөздерді шатастырып айтқаны көрермендерді күлкіге қарық қылды.

Алматыда әнші Raim-ның ауқымды жеке концерті өтті. Сахнаға Ерке Есмахан шығып, күйеуімен бірге ән орындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Видеордан қолына гүл ұстаған Ерке саханада сөзден жаңылысып қалғанын көруге болады.

«Сен маған ұл сыйласаң... Сен маған гүл сыйласаң, мен саған ұл сыйлаймын. Бұйырса, тағы да сыйлаймын», - деп күлді Ерке Есмахан.

Әншінің бұл сөздерді шатастырып айтқаны көрермендерді күлкіге қарық қылды. Кейіннен Райымбек Бақытгереев концерттің ұзақтығы екі сағат болатынын айтты.