05.11.2024, 13:40

«Ұлым үйленуге асықпаса...»: Жазира Байырбекова тағы бөпелі болғысы келетінін айтты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Үйде сәби болғандағы аура басқаша ғой..

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жазира Байырбекова бір айда екі мәрте қызды болған Баян Мақсатқызы туралы ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында жаңа жазба жариялап, тағы да бөпелі болуға қатысты пікір білдірді. Әнші 50 жасында балалы болған продюсер Баян Алагөзова талай келіншектің үмітін оятқанын алға тартты.

"Даратайым 5 жасқа келіп қалды, Аллаға шүкір. Ұлым үйленуге асықпайтын болса тағы бөпелі болсақ қалай болар екен деп ойладым. Баян талай 45 тен асқан келіншектің үмітін қайта оятқан сияқты иә, қыздар. Үйде сәби болғандағы аура басқаша ғой", - деп жазды Байырбекова.