05.11.2024, 16:20

«Кітабымда жазамын»: Блогер некесіз туған баласын әйелі қалай қабылдағанын айтты

Фото: instagram.com/darhanzholshybekov

“Дари қалай қабылдады?” деп менен сұрап жатқандар көп.

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен жолыққанда әйелінің қалай рұқсат бергенін айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, блогер кішкентай қызға Астанадан үй мен салоннан су жаңа көлік сыйлаған еді. 

“Барлығының басты сұрағы осы екен. “Дари қалай қабылдады?” деп менен сұрап жатқандар көп. Негізі ұзақ әңгіме. Бірақ қысқа-нұсқа айтып берейін. Қыз бала болғасын мұндай жағдайды қабылдау өте қиын. Бірақ, Дари осы күнге дейін тек менің жағымда болды. Кітабымда жазамын ба, әлде роман жазу керек пе, ол жағын әлі ойланбадым. Бірақ, бұрын да айтып жүрмін, қазір де қайталаймын, Дари секілді мені түсінетін адам жоқ?!”, – деді блогер.

Араға бірнеше жыл салып, тұңғыш рет блогер некесіз қызымен жолыққанын көпшілік екіұшты пікірмен талқылап жатқан еді.