$ 494.87  520.65  4.91

«Табаннан өткен суықтың емі жоқ»: Тележүргізуші жас қыздарға үндеу жасады (ВИДЕО)

Қазіргі балалар етік кимейді, кроссовкимен жүре береді. Көшеде капрон колготки, қысқа шортымен жүрген қыздарды көріп, апатай осылай деп жатыр.

Фото: instagram.com/sultankyzy/
Фото: instagram.com/sultankyzy/

Танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы суық кездері жұқа киініп жүретіндерге ақыл айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазіргі балалар етік кимейді, кроссовкимен жүре береді. Көшеде капрон колготки, қысқа шортымен жүрген қыздарды көріп, апатай осылай деп жатыр. Рас, бәріміз де бала болдық. Үйден қымтап қоя берсе, шетке шыққан соң бәрін шешіп тастайтын едік қой. Қазір апа үйдегі барлық немересінің аяқ киімін түнде міндетті түрде кептіреді. Сіңлілерім, табаннан өткен суық жаман болады. Оның қанша ауруға себеп екенін білсеңдер ғой. Бастарың мен аяқтарыңды жылы ұстаңдар! Сұлуынан жылуы керек.

Қазір күн суық. Ызғар жел бар. Көшедегі адамдардың үстіне қарап отырмын. 50 жастағы келіншек шортымен кетіп бара жатыр. Бұл – дұрыс емес. Біз балаларымызға аяқтарынан су өтпеу үшін етіктің ішіне пакет орап беретінбіз. Біздің шешелеріміз етікке киізден ұлтарақ жасап беретін. Оны қайшымен қиып, етіктің табанына шақтаушы едік. Табаннан өткен суықтың емі жоқ», – деді журналистің анасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары