$ 494.87  520.65  4.91

«Мұны қазақтар баяғыда-ақ білген»: Сәкен Майғазиевтің әйелі тағы елді елең еткізді (ВИДЕО)

Әр нәрсені қаламмен жазу керек. Сонда бейсанамызға белгі береміз.

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev
Фото: instagram.com/saken_maigaziyev

Әнші Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара әлеуметтік желі арқылы психологиялық тренинг өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әйелінің психология туралы айтып отырған видеосын жариялап еді, желі қолданушылары тарапынан қолдау тапты.

“Көз – қорқақ, қол – батыр, ми – жалқау. Ал көз – мидың бір бөлігі. Қазақтар білген соны. Қазір соны психологтар айтып жүр. Бірақ қазақтар оны баяғыда айтып қойған, расшифровкасын білмейміз тек. Әр нәрсені қаламмен жазу керек. Сонда бейсанамызға белгі береміз. Қолмен іс-қимыл жасау керек", – деді Динара Майғазиева.

Желі қолданушылары түрлі пікір айтып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

“Өте дұрыс айтып отыр”, “Осындай тегін кеңестерді ақшаға сатып жатқандар бар”, “47 жаста деп кім айтады, өте әдемі келіншек екен”, “Сәкен ағамыз жар таңдаудан қателеспеген”, “Жақсы сөз – жарым ырыс дегенді қазақтар бұрын айтқан, қазір соны психологтар аффирмация деп жүр”, “Өте дана әйел екен”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары