$ 493.85  519.04  4.97

«Разылығымды алмасаң тозаққа барасың»: Белгілі әзілкеш бұрынғы әйеліне дінмен қысым көрсеткен (ВИДЕО)

Желі қолданушылары болса, дінге қатысты түрлі пікірлерін жаудырды.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Белгілі әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі желіге видео жариялап, жылап қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұлай камера алдына шыққым келмеген еді. Отбасылы болған кезде маған дінмен қатты манипуляция жасайтын. Менің разылығымды ал, менің разылығымды алмасаң тозаққа барасың деген әңгімелер айтатын. Менің әлмсіз жерімді біліп дәл осылай дінмен басқаратын. Соның барлығын енді түсініп отырмын. Оның барлық айтып жүргендеріне тойдым, — деді Фариза Алмазқызы.

Желі қолданушылары болса, дінге қатысты түрлі пікірлерін жаудырды.

«Неге сотқа бермейсің?», «Баласын тастап кеткен адам разылық жайлы айтпағаны жөн-ау», «Дінді өздері ұстанбайды, бірақ елге діние ақыл айтқыш», «Құтылғаныңа қуан», — деп жазды олар.

Сондай-ақ, ажырасып кеткеннен кейін осынша сөзді көбейтудің қажеті жоқ екенін жазып жатқандар да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 5
Күлкілі 2
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары