14.11.2024, 06:30

«20 пайызы азғырумен келеді»: Гүлзира Айдарбекова тағы мақтанды

Фото: @kair_n

“Намыстанатын анам жоқ. Жүргеніңіз жүрген. Айтқан адам әрі қарай да айта берсін” деді. 

Әнші Қайрат Нұртас анасының арманын орындады. Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова бұл жолы да ұлына риза болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілі отбасымен бірге тауға шығып, демалыстарының қалай өткенін көрсетті.

“3 мың 200 метр биіктікте тұрмыз. Балам бір арманыңызды орындайын деп, тауға алып шықты. Ел “Мамасы еріп алыпты деп шулап кетер, әкеңмен-ақ шыға беремін” десем, “Намыстанатын анам жоқ. Жүргеніңіз жүрген. Айтқан адам әрі қарай да айта берсін” деді, – деп жазды продюсер.

Еске салайық, бұған дейін "Мамасының баласы" деп мұқататын жұртқа Гүлзира Айдарбекова үндеу жасаған.

“Қайраттың ата-анасына, бізге деген ерекше құрметіне разы адамдар 80% болса, 20 пайызы азғырумен келеді. Ой “мамасының баласы” дегеннен бастап мұқатып отырады. Бірақ Алла оның жүрегіне салған мейірімін ешкім алып тастай алмайтынына көздері жетер емес. Алланың берген бағымен таласуынан өз ұрпағына зиян келетініне де күмәні бар не қысқа ойлайды, санасы жетпейді”, – деген еді продюсер.