$ 494.87  520.65  4.91

«Денедегі суық шықса...»: Бақытбек Есентаев жарнама жасаумен айналысып жүр (ВИДЕО)

Маралдың емін бәріне көрсету керек.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Продюсер Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев маралдың емін қабылдап, оның пайдасын айтып берген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Видеодан байқағанымыздай, ол Алматыдағы пантованна жасайтын сауықтыру орталығына барып ем алған. Оның видеосын журналист Нұрсерік Жылқышыбай жеке парақшасына жүктеген. 

«Көңіл-күйім тамаша. Ем өте жақсы болды. Будан шыққандай әсер алдым. Мұның қандай ем екенін түсінбей жүргендер келіп көрсін. Біз шығыстың адамы  болған соң білеміз. Маралдың емін бәріне көрсету керек. Денедегі суық шықса, жақсы болады», - дейді Есентаев.

Еске салсақ, 2016 жылы Бақытбек Есентаев сол кездегі әйелі Баян Мақсатқызын соққыға жығып, пышақтап кеткені үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 2022 жылдың жазында ол мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары