Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде бейне жариялады.
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова желідегі оқырмандарымен бақытты сәтін бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде Гүлзира Айдарбекова күйеуі Нұртас Айдарбековтың жан-жарын еркелетіп жатқан бейне жариялады. Бейнеде көңілі шат-шадыман өнер иесі оқырмандарын да әрдайым бақытты сәттерді бағалап жүруге шақырды.
Адам қанша қартайса да жүрек 18-25 жастағыдай қартаймайды деген рас қой. Нұрекемнің шынайы өмірде қалай еркелететінін салып қояйыншы. Кейбіреулер жас емессіңдер, ұят емес па, деп жатады, айтатындар айта берсін. Сіздер де еркелеп жүре беріңіздерші. Аз ғана өмірде барымызды бағалайық, – деді продюсер.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа жылы лебіздерін білдірді.
«Қамшының сабындай қысқа өмірде сыйласқанға не жетсін» «Жуз жасаңыздар, не деген күшті еркелету», «Ұят емес пе, мына жасқа келіп», – деп жазды желі қолданушылары.