$ 497.89  525.12  5

«Аз қазақты қырып салдыңдар ғой!»: Меруерт Түсіпбаева әскердегі сарбаз өліміне қатысты дабыл қақты

Мына «беспределға» тосқауыл қоятын жан бар ма?

Фото: https://www.instagram.com/meruert_tusupbaeva/
Фото: https://www.instagram.com/meruert_tusupbaeva/

Танымал әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева әскерде қаза болған сарбаздың өліміне қатысты дабыл қақты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол айдың күннің аманында әскерде шейіт болған қазақ ұлдары үшін күйінді.

«Бұрын біз тәуелді болдық дедік. Бірақ Совет өкіметі кезінде , әскерге кеткендер аман-есен қайтатын үйлеріне, көбінесе солай болатын. Енді тәуелсіз мемлекетпіз, бізді басқарып отырған өз қазақтарымыз. Қай саланы алсақ та… Мына «беспределға» тосқауыл қоятын жан бар ма? Жоқ па? Халқым-ау!

Өзі аз қазақты қырып салдыңдар ғой! Енді есейді, енді қызығын көремін деп отырғанда сұлатып үйіне әкелу не үрдіс бұл?! Бүкіл Қазақстанда, өз елінде, өз жерінде бұйрық беріп, әскери жүйені тәртіпке келтіретін бір еркек табыла ма? Айдың күннің аманында не мынау енді?! Өзегім өкініштен өртеніп отыр кешеден бері (мәлімет @gulmir_ktk парақшасынан алынды). Тағы бір қазағымның отбасы қара жамылды. Қайғырып көңіл айтамын», — деп әнші желідегі парақшасында жазды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары