19.11.2024, 16:20

«Басқа әйел алуға рұқсат етемін»: Майра Мұхамедқызы 20 жыл бойы бала көтере алмағанын айтты

Фото: yvision.kz

Әйел ретінде саған қарызбын.

ҚР халық әртісі Майра Мұхамедқызы алғаш рет жеке өмірінен сыр шертті. Опера әншісі журналист Дана Нұржігітке сұхбат беріп, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Жолдасым – өте парасатты адам. Біздің арамызда 20 жыл бала болмады. Сол кезде мен оған "өліп кетсем де, бала туып беремін. Әйел ретінде саған қарызбын" дедім. Егер бала туа алмасам, басқа әйел алуға рұқсат етемін дедім. Махаббатымды қиямын дедім. Бірақ ол кісі көнбеді. “Ата-ана үшін бала маңызды екенін түсінемін, бірақ біздің арамызда махаббат бар” деді. Баланы беру Алланың қолында екенін айтып, мәңгі менімен қалуға уәде берді. Сен мені тастамасаң, мен сені тастамаймын деді. Мен уәдемде тұрып қызды дүниеге әкелдім”, – деді опера әншісі.

Сондай-ақ өнер иесі қызына қандай тәрбие беріп жатқанын да айтып өтті. 

“Қызымды ешқашан да тәрбиелеп, бағыт-бағдар берген емеспін. Бәрін өз бетінше істеп келе жатыр. Көрген жұрт қызымның ақылды екенін айтып, анасының тәрбиесі деп ойлайды екен. Керісінше, мен қызымнан көп дүниені үйреніп жүрмін. Ол біздің қаншама қиын сәттерден өткенімізді біледі. Кейде мен жұрттың балаларымен салыстырып қаламын. Сондай кезде ренжиді. Математик болғанын қалаймын, бірақ өзі өнерге жақын”, – деді өнер иесі.