21.11.2024, 10:40

Белгілі блогер әлеуметтік желіде тараған интим видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Фото: Instagram/sss.sabina

Мен өз сөзімде тұрдым.

Жуырда әлеуметтік желіде блогер Сабина Мовлаеваға қатысты интим видео таралғаны туралы ақпарат шықты. Алайда Сабинаның өзі барлығын жоққа шығарды. Сондай-ақ сот сараптамасын жасатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мен өз сөзімде тұрдым. Өздеріңіз білесіздер, маған үлкен жала жабылды. Бүгін мемлекеттік экспертиза қорытындысы шықты», – деді блогер. 

Сабина Мовлаеваның адвокаты Есімбол Мамырхановтың айтуынша, сарапшылар нақты айырмашылықты атаған. 

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде интим және тіпті порнографиялық сипаттағы видео таратылып, салдарынан Сабина Мовлаеваны негізсіз айып тағылды. Қолымыздағы сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, видеода мүлдем басқа әйел бейнеленген. Сарапшылар заманауи криминалистика әдістерін қолданып, адамның бет-әлпетіне байланысты ұқсастықтар мен айырмашылықтарды нақты анықтады. Осы дерек бойынша біз полицияға жүгіндік. Қазіргі таңда жала жабу және порнографиялық материалдарды тарату фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр», – деді адвокат. 

Сонымен қатар, ол кінәлі тұлғалардың жауапқа тартылатынын да айта кетті.