Түк құпия емес.
Продюсер Жан Мұқанов Виктория Новичкованың БЕЗ ШУМИРЫ ютуб-арнасына берген сұхбатында Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілерді атады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
– Түк құпия емес. Әрбіріне қоңырау шалып, білуге болады. Әрбірінің парақшасында нөмірлері тұр. Ең көп гонорарды бізде Димаш, Скриптонит, Жак Халиб, Иманбек және ИК шығар. Бұлар әлемде аты бар әншілер. Ал Қазақстан деңгейінде Садраддин бар. Ол қазір меніңше, халықаралық деңгейге кетіп барады. Найнти уан, Калифарния – бәрінде орташа чек 5 млн және одан жоғары. Бір реттік шыққандары. Ал концерттік бағдарламалары – 30 минуттық шыққандары. Садраддинде қазір бұл баға 12 млн ғой деймін, – деді ол.