$ 498.34  519.72  4.85

«3 баласы бар жесір әйелмен кездесіп жүрмін»: Мұхамеджан Тазабек бос сөзге нүкте қойды

Зина — өзіңе де, отбасыңа да жамандық әкеледі. 

Фото: instagram.com/mukhamedzhan_tazabek
Фото: instagram.com/mukhamedzhan_tazabek

Қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек оқырманының сұрағына жауап беріп, жесір тақырыбын қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де жауап берді.

"Аға, әйелім бар, ұлым бар. 3 баласы бар жесір әйелмен кездесіп жүрмін. Әрі қарай не істеймін" деп сұрақ қойды.

"Асыл арнаның" бұрынғы басшысы оған былай деп жауап берді:

“Жесір әйелге барған — сауап деген өтірік сөз ел арасында тарап кеткен. Соған сүйенген қаншама адамның жолы жабылып, өмірі талқан болды. Шамаң жетсе, сүйген екі жүректің емі — ақ неке. Басқа жол жоқ! Ал, зина — өзіңе де, отбасыңа да жамандық әкеледі. Тезірек тәубеге асығу керек”, — деп жауап берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары