$ 498.55  524.28  4.75

«11 жасымда мешітке барып, намаз оқыдым»: Әнші Луина ешкімге айтпаған құпиясын бөлісті

Өнер иесі Дина Төлепбергенге берген сұхбатында жолдасының ислам дінін қабылдағанын жасырмады. 

Фото: harpers bazaar
Фото: harpers bazaar

Танымал әнші Луина бала кезінде дінге жақын болғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Менің жолдасым 16 жасында ислам дінін қабылдаған. Оның Әбубәкір деген есімі де бар. Ол өзін атеистпін дейді, бірақ діндердің ішіндегі ең жақыны ислам дейді. Ислам дінін ұстану өте тиімді, жаныма жақын деді. Бірақ ол тек таза деректерге ғана сенеді. Қазір оның жасы отызда, есейе келе оған келесің деп айтқан едім. Мен биыл бірінші рет ораза ұстадым. Ол менен үлгі алды. Жұма күндері кейде мешітке барады”, – дейді әнші.

Өнер иесінің сөзінше, 11 жасынан бастап мешітке барып намаз оқыған. 

“Менің атам молда болған кісі. 11 жасымнан бастап мен де мешітке барып, намаз оқитын едім. Қазір де өзіме қажетті ең керек деген сүрелерді жатқа білемін. Маңызды кезде, күнде ұйықтар алдында оларды оқып отырамын", –деп жан сырын ақтарды өнер иесі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары