$ 498.55  524.28  4.75

«Сәкен Майғазиев қоңырау шалды»: Жанель Мақажан «Қалаулымға» неге барғанын айтты

Бұлар менің жанды жерімді біледі.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Қазақстандық танымал актриса Жанель Мақажан "Қалаулым" бағдарламасына қатысты пікір білдіріп, атышулы жобаға не үшін барғанын ашып айтты. Өнер иесі аталмыш бағдарлама жайлы ел білмейтін жайтты ақтарды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жанель Мақажан "Қалаулым" бағдарламасына қалай келгені туралы "Айтарым бар" подкастында айтып берді. Актриса атышулы жобаға барғаны үшін өнердегі бірқатар ағаларынан ұрыс естігенін жасырмады.

"Мен телевизор қарамайтын адаммын. Ол кезде түсірілімдерім көп еді. Таңнан таңға дейін түсірілім болады. Үйге келіп теледидар көретін уақыт жоқ. Сол кезде маған "Қалаулымға "барып отырсаң деген ұсыныс түседі. Ол жаққа жігіт-күйеу іздеп бармадым. Адамдар қызықтырып айтты. Оқырман жинап аласың деген де идеялар айтылды. Оған дейін бұл қандай бағдарлама екенін қарамаппын. Менің қателігім сол болып тұр. Дұрыс зерттеп, сараптап қарамадым. Сол жерде істейтін адам күшті сипаттап, қызықтырды. Танымал боласың, оқырмандар көбейеді деп қызықтырған соң барғанмын. Телевизиялық жоба болған соң бардым. Күйеу іздеп бармадым. Онсыз да мені ұнатып жүргендер көп болған", - деді ол.

Оған қоса өнер иесі "Қалаулым" бағдарламасына қатысты өз шындығын айтты. Ол жобаның шоу екенін түсінгенде онда отырғысы келмегенін жеткізді.

"Бұлар менің жанды жерімді біледі. Ол – менің балаларым. Жақсылап құрылған ғой. Жоспар, жүйе деген нәрселері бар. Ол жерде балаларым үшін жылап қалдым. Балаларыма тіл тигізсе мен тіпті ұрып жіберуге дайынмын. Жалғызбасты аналар мені түсінеді. Мені жылатып, намысыма тиіп сөйлейді деп ойламадым. Жақсы болады деп ойлаған едім. Бәрі жан-жақтан хабарласып, маған наразылығын айта бастады. Тіпті өнердегі Сәкен Майғазиев ағаларым, қоңырау шалып, "Қарындасым, өтінемін, кетші ана жерден" деп ұрысты. 1-2 апта отырған осң маған ұнамай бастады. Мен шоу екенін түсіндім. Үйленіп кеткендер болды. Бірақ ол – шоу. Адамдарды алдағым келген жоқ. Кейде келіспеушіліктер болды. Бірақ көбіне эфир сыртындағылар бір-біріне айдақтатып тұрды", - деді актриса.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары