$ 524.58  551.91  4.93

«Құны – 7 миллион теңге»: Ақбота-Нұр тағы елді аузына қаратты

Нағыз өзін-өзі құрметтеу – барлық адамға ұнауға тырысу емес.

Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Танымал әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова өзіне қымбат сыйлық жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілі Ақбота-Нұр жаңалығын жеке парақшасында жария етіп, өзіне жасаған аса қымбат сыйлығын көпшілікке көрсетті. Ол көптен бері қалап жүрген Cartier брендінен сағат сатып алған. Оның құны – 7 млн теңге.

Эстрада жұлдызы дүкенге барған сәтінен фото жариялап, қуанышын жарияға жар салды.

Сондай-ақ әнші философиялық мағынаға негізделген жазбасымен де ел талқысына түсті.

“Нағыз өзін-өзі құрметтеу – барлық адамға ұнауға тырысу емес, өзіңіздің шынайы болмысыңызға адал болу”, – деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 3
Күлкілі 4
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары