Желі жұлдызы бір жастағы қызы Дараға Астана қаласының қақ ортасынан пәтер сыйлаған еді.
Танымал блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі су жаңа пәтеріне рум-тур жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі жұлдызы бір жастағы қызы Дараға Астана қаласының қақ ортасынан пәтер сыйлаған еді.
“Дараның үйіне рум-тур. Әрбір жанға баспана жұғысты болсын! Негізгі үй біткенше осында тұрғымыз келді. Жаңа үйде құрылыс жұмыстаының бітуіне аз қалды. Күтіп отырмыз. Бұл үйді ұтысқа тігіп жібермейміз. Үй ойнататын болсақ басқа пәтер сатып аламыз. Бұл қызымызға ниеттеніп алынған үй”, – деп жазды Фариза.
Еске салайық, блогер-ана балаға кішкентай кезінен бастап инвестиция құю керегін айтқан болатын.
“Қызым, осындай махаббат барын мен тіпті білмеппін. Аналық сезімдерді сезіндірген, жүрекке ыстық лаулаған махаббатты салып қойған, сені бізге нәсіп еткен Раббымызға сансыз мадақтар. Ең бақыттылардың қатарында болуыңды, тағдырың ең көркем түрде болуын, амандығыңды әрқашан тілеп отырамыз. Осы бастан болашағын ойлап, инвестиция жасауды қолға алдық. Сен үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз”, – деп жазды блогер.