01.12.2024, 15:30

Қазақ мұғалімі шетелдік рэпер Никки Минаждің продюсері атанды

Фото: Ерқанат Садухановтың парақшасынан

Қазір ол Никки Минаж жанкүйерлері үшін ерекше нәрсе дайындап жатыр.

Абай ауданындағы ауылдың биология пәнінің мұғалімі Ерқанат Садуханов әйгілі шетелдік әнші Никки Минаждың дыбыс продюсері болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ерқанат Садуханов – Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының биология пәнінің мұғалімі. Музыка әлемінде ол Eraholic лақап атымен танымал. Жас мұғалім өзінің парақшасында ресми түрде Ники Минаждың Pink Friday 2 альбомының люкс нұсқасының дыбыс продюсері болғанын хабарлады.

Бұған дейін мұғалім Дуа Липа, Blackpink тобындағы Rosalia және Lisa сияқты әлемдік жұлдыздармен жұмыс істеген.

Альбом 13 желтоқсанда шығарылады деп жоспарланып отыр. Кеңейтілген басылым 2023 жылғы түпнұсқа альбомның мерейтойына арналған және тыңдармандарына жаңа шығармаларды ұсынады. Ұстаз Ерқанат Садуханов ұстаздық қызметін сүйікті ісімен ұштастыра отырып, халықаралық жобаларда креативтілік танытып жатыр, – деп мәлімдеді Абай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Никки Минаж – әлемдегі ең табысты рэперлердің бірі. Ол көптеген марапаттардың, соның ішінде ең үздік хип-хоп әйел әртісі үшін ASCAP сыйлығының иегері және жақында Эминемді басып озып, ең көп қаралған рэпер әйел атанды.