$ 523.58  549.71  5.01

«Әйелдерге көп топырақ шаша берме»: Белгілі психолог Бағлан Әбдірайымовқа шүйлікті (ВИДЕО)

Әйел адам нашар болатын болса, қазақ бұл күнге дейін ұлылығын сақтамас еді.

Фото: instagram.com/baglanabdyraimov
Фото: instagram.com/baglanabdyraimov

Танымал әнші, "Жігіттер" квартетінің орындаушысы Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желідегі парақшасындағы әйелдер туралы пікірі қызу талқыға түсті. Ол бейнежазбасында "еркекті құртатын әйел" деп, басы дауға қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның оқырмандарының бірі әншіге үндеу тастап, «көпке топырақ шашпауын» сұраған.

«Еркекті арақ та, ойын да, наша да емес, әйел құртады деген Бағлан мырзаға жауап бергім келіп отыр. Бағлан мырза, еркекті құртатын санасыздығы. Еркекті құртатын жауапкершілігінің жоқтығы. Еркекті құртатын тоқшылығы, тоқшылық болған кезде жан-жағындағы адамдардың жоқшылығын ұмытатын, миындағы бір сана-сезімінің төмендігі. 

Барды бар деп бағалай алмай, жоқты жоқ деп көре алмайтын көзінің көрмеуінен, яғни барлығы санаға байланысты. Сондықтан барлық кінәні әйел адамдардан көруден, құрметті ер-азаматтар тоқтатыңыздар. Әйел адам нашар болатын болса, қазақ бұл күнге дейін ұлылығын сақтамас еді. Қазақты мынадай сөз бар, батырды да, патшаны да туатын ол әйел деген. Әйелдерге көп топырақ шаша бермеңіз», — деді бейтаныс келіншек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 28
Ұнамайды 16
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары