04.12.2024, 00:30

«Аяқ деген оқтаудай»: Жанар Айжанова Дубайда шорты киіп, жиенімен демалып жүр (ФОТО, ВИДЕО)

Фото: Instagram/zhanar_aizhanova

Әже деген сіздей болсын!

Жанар Айжанова жиенімен бірге Дубайда демалып жүр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанова желіде жаңа фото жариялады. Ол әлгі фотоларда жиен-немересімен қалай демалып жатқанын көрсеткен.

Актриса бұл сапарға қызы Айжұлдыз Адайбекова мен оның ұлымен бірге шыққан.

"Бізден осындай вайб", - деген жазба қалдырды әнші.

Әліг фотоны көрген әлеуметтік желі қолданушылары "Әже болса сіздей болсын", "Аяқ деген оқтаудай. Нағыз шорты киіп алып жүретін аяқ екен. Күшті жарасып тұр", "Фигураңыз күшті екен. Киім күшті жарасып тұр", "Сән ғой. Заманауи әжелер осындай болу керек" деп жаза жөнелді.