Керемет болып келісіп, жараса қалды.
Әнші Тамара Асар өнердегі әпкесі Роза Рымбаеваға ерекше әшекей-бұйым сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тамара Асар Instagram-дағы парақшасында Роза Рымбаеваға сыйлықты табыстап жатқан сәтте түсірілген видеоны жариялады.
"Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ. Зергер мыңдаған шақырым жерде отырып, қазақ әнінің ханшайымы Роза Қуанышқызына арнап, әдемі әшекей соқты. Керемет болып келісіп, жараса қалды. Игілігіңізге тағыңыз, Роза Қуанышқызы! Ұрпағыңызға мұра болар, күміс әшекейіңіз құтты болсын! Біз Ажартай екеуміз бұл бұйымды арнайы тапсырыс беріп жасаттық. Сыйлықтың ұнағанына шын жүректен қуаныштымыз", - деп жазды Тамара Асар желідегі парақшасында.
Ал әлгі видеодағы Роза Рымбаева таңданысын жасырмады.
"Тамарамен бірге ән айтамын деп, осындай байлыққа ие болып қалдым. Кішкентай сәбидің атынан осындай сый-құрмет болып жатыр. Рақмет үлкен", - деді Әли Оқаповтың анасы.